(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.07.02. № 113 ҚАУЛЫСЫ
"Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру
бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң
үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Yкіметінiң
2005 жылғы 7 ақпандағы
№ 113 қаулысымен
бекiтілген
Жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білімнiң білім
беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары
қызметінің үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды (бұдан әрi - Ереже).
2. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарының (бұдан әрi Ұйымдар) басты мiндетi жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау болып табылады.
3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының клиникалық ординатурасында, ассистентура-тағылымдамасында, аспирантурасында, адъюнктурасында және докторантурасында ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстыру, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру нысанында жүзеге асырылады.
4. Ұйымдар өз Жарғысын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлейдi.
2. Ұйымның негізгі функциялары
5. Ұйымның негiзгi функциялары:
Редакция документа
Демо – версия документа