(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 21 НАУРЫЗДАҒЫ № 246 ҚАУЛЫСЫ
Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі
деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 21 наурыздағы № 246 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 9.07.99 ж. № 951; 29.03.00 ж. № 456; 28.10.01 ж. № 1369;
28.05.02 ж. № 580 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік меншiктi есепке алуды жетiлдiру, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 28.05.02 ж. № 580 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік кәсiпорындарға, мемлекеттік мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттік органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5."Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа