(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.20.02. № 110 ҚАУЛЫСЫ
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің
кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
2) төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймағына жататын аумақтарда жұмыс істейтін (жұмыс істемейтін), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңінде тұрған азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеуді қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):
1) 2006 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде аудандардың (қалалардың) әкімдеріне:
салымшының тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргізілмеген не ішінара жүргізілген азаматтардың қолданыстағы теңгерімнен тыс арнайы шоттарының тізілімін;
Редакция документа
Демо – версия документа