(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 Ж. 19 НАУРЫЗДАҒЫ № 250 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы“
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы
№ 250 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 19 наурыздағы
№ 250 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
мына:
"Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға
Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға
Дәрiбаев Mұpaт Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлiктi дамыту департаментiнiң директоры".
2. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестердiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж. № 32, 341-құжат):
1-тармақта "министрлiктер" деген сөз "мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
Редакция документа
Демо – версия документа