(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.21.07 № 700 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 23 тамызға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және ғылым саласында басқару жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
3) Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Комитеттің төрағасына екі орынбасары болуға рұқсат берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 21 шілдедегі
№ 700 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Ғылым комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыреті шегінде ғылым саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған ғылым саласында салааралық үйлестіру жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа