(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 14 МАУСЫМДАҒЫ № 647 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi
жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы № 647 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184; 01.07.04 ж. № 723;
15.11.04 ж. № 1201; 2005.20.07. № 748 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 17 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен тақырыбына және мәтiнiне өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара)
Орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын қалыптастыру жөніндегі өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
3. Ұлттық компаниялар:
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгізудi;
2) бұрын бекітілген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, № 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| И. Тасмағамбетов |
Редакция документа
Демо – версия документа