(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1113 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы
(2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырылатын Жарлыққа қол қойылған күнге сәйкес келетiн қажеттi материалдық-техникалық құралдарды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 398-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа