(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.21.02. № 111 ҚАУЛЫСЫ
«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын,
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін
және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын
пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа
салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесі;
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 21 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың
дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке
тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа