«Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 175 бұйрығы (2021.08.07. берілген өзгерістермен)
Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі
қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 175 бұйрығы
(2021.08.07. берілген өзгерістермен)
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-5-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқамалардың нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С. Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі міндетін атқарушының
2006 жылғы 13 шілдедегі
Демо – версия документа