«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 119 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2011.12.08. № 139 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2006 ж., № 2, 10-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ережеде:
12-тармақта «инвестициялық қорлардың» деген сөздерден кейін «, кредиттік бюролардың» деген сөздермен толықтырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;
2) өзі белгілеген тәртіппен банктердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өзі белгілеген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге, соның ішінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензия береді, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;»;
5) тармақшада «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздерден кейін «, соның ішінде ипотекалық ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа