Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 7 СӘУІРДЕГІ № 402-ІІ ҚР ЗАҢЫ

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы
2003 ж. 7 сәуірдегі № 402-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек саудамен өткізудi қамтамасыз ететiн жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;

2) мұнай өнiмдерi базасы - мұнай өнiмдерiн сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы;

3) бiртұтас деректер базасы - мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы;

4) компаундирлеу - белгiленген сападағы мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше компоненттi араластыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемi - мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдары мен басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берулерiнiң уәкiлеттi орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi;

6) кондициялық емес мұнай өнiмi - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн мұнай өнімі;

7) мұнай өнiмдерiнiң айналымы - мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку