Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 Ж. 27 ҚАРАШАДАҒЫ № 106-II ЗАҢЫ

Мемлекеттік материалдық резерв туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы
№ 106-II Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Бұрынғы ред. қара

1-тарау. Жалпы ережелер                                     (1-7 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру            (8-12 баптар)
3-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану                     (13-15 баптар)
4-тарау. Мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету     (16-19 баптар)

Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы құқықтық және экономикалық қатынастарды реттейдi және оларды басқарудың негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару материалдық құндылықтарды жаңарту, ауыстыру, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен алынуы;

2) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) жұмылдыру мұқтаждарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз етуге, iзгiлiк көмегiн көрсетуге және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған, ?кімет шешiмдерiмен айқындалған материалдық құндылықтардың жалпымемлекеттік ерекше қоры;

3) мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру мөлшерi мен сапасы бiрдей, тақiлеттес материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттік резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару;

4) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке салу - мемлекеттік резервте сақтау үшiн материалдық құндылықтарды қабылдап алу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку