-
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
“Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан
Республикасы Президентінің кейбір актiлерінің күші жойылды деп тану туралы”
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
Жарлық пен Ереже мәтiндерiндегі "тәртібі туралы ереженi", "тәртібі туралы ереже", "Осы Ереже", "осы Ережеде" деген сөздер тиiсiнше "тәртібі туралы ережелердi", "тәртібі туралы ережелер", "Осы Ережелер", "осы Ережелерде" деген сөздермен, "Мемлекеттік-құқық бөлiмi" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Ережеде:
мемлекеттік тілдегi мәтінде кiрiспедегі "белгілейдi" деген сөз өзгертілмейдi;
2-тармақтағы ", әдетте," деген сөз алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия өз отырыстарына кешiрiм жасау туралы өтiнiш бойынша қажетті қосымша ақпарат алу үшiн кез келген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бiрлестіктердiң өкiлдерiн, басқа да адамдарды шақыруға хақылы.";
7-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "жазасына" деген сөзден кейiн "не жазаның басқа түрлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа