(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 29 МАМЫРДАҒЫ № 812 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік
стипендия тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
29 мамырдағы № 812 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.10.01 ж. № 1376; 31.12.03 ж. № 1370; 2005.28.02.
№ 173 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығын орындау үшін және әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 2000 жыл үшін Мемлекеттік стипендиялар төлеуге үстіміздегі жылғы желтоқсанда 8 700 000 (сегіз миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін, ал одан әрі - жыл сайын республикалық бюджетте "Мемлекеттік сыйлықтар" бағдарламасы бойынша көзделсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 мамырдағы
№ 812 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер
қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің
Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия (бұдан әрі - Мемлекеттік стипендия) берудің тәртібін белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа