Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 367 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік
терминология комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 27.10.00 ж. № 1621; 03.04.02 ж. № 397; 09.10.02 ж. № 1099;
23.05.03 ж. № 486; 20.02.04 ж. № 208 ;2005.01.04 ж. № 295 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бекітілсiн.

3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат);

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң 1998 жылғы 21

сәуірдегі № 367 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы

Мемлекеттік терминология комиссиясы

(Мемтерминком) туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тілінiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку