(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1996 Ж. 30 ШІЛДЕДЕГІ № 949 ҚАУЛЫСЫ
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 30
шiлдедегi № 949 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. № 1599; 27.10.98 ж. № 1085;
16.10.00 ж. № 1529; 09.10.02 ж. № 1099; 08.11.02 ж. № 1180;
28.10.04 ж. № 1110; 08.12.04 ж. № 1283 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереже;
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсiн;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1996 жылғы 30
шiлдедегi № 949 қаулысымен
бекітілген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттік сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттік көтермелеу нысаны болып табылады.
2. Мемлекеттік сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi.
3. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттік сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа