(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.09.03 Ж. № 910 ҚАУЛЫСЫ
Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы
аумақтардың резервiне қалдыру ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 910 қаулысы
(2004.29.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi № 973 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 337-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2003 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 910 қаулысымен
бекiтілген
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу
және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру
ережесi
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1417 қаулысымен мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөніндегі өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi.
Редакция документа
Демо – версия документа