Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 543 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 543 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 13 маусымдағы

№ 543 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 127-жол алынып тасталсын.

3. ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции