Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем
карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру
және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 122 қаулысы

(2005.27.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция  2006 ж. 2 мамырдағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу шарттарын нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

Ұлттық Банк Төрағасының

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

Н. Абдулина

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

"Банк операцияларының

жекелеген түрлерін жүзеге

асыратын ұйымдарға төлем

карточкаларын шығаруға

лицензия беру, беруден бас

тарту, тоқтата тұру және

қайтарып алу туралы

нұсқаулықты бекіту туралы"

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку