(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 25.09.01 Ж. № 1235 ҚАУЛЫСЫ
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың
аттестациядан өту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64; 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 2 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Үкіметінiң
2001 жылғы 25 қыркүйектегi
№ 1235 қаулысымен бекітiлген
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан
өту ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа