(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.26.05. № 511 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын
тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 26 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 26 мамырдағы
№ 511 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн
үмiткерлердi iрiктеу
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен белгiленген шетелде кадрлар даярлауға Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн (бұдан әрі - "Болашақ" стипендиясы) үмiткерлердi iрiктеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрi - Республикалық комиссия) Қазақстан үшiн неғұрлым қажеттi мамандықтар бойынша стипендиаттар жоғары арнаулы білім, бакалавр, магистр, ғылым докторы (Рh.D) дәрежелерiн алу, сондай-ақ шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша клиникалық ординатурада және аспирантурада кадрларды медициналық мамандықтар бойынша оқыту мақсатында тағайындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа