(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.25.06. № 633 ҚАУЛЫСЫ
“Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау
мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 26 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырғандар бекiтілсiн:
1) "Металлургия" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
2) "Көлiктiк логистика" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
3) "Тоқыма өнеркәсiбi" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
4) "Құрылыс материалдары" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
5) "Тамақ өнеркәсiбi" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар;
6) "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегі жоспар;
7) "Мұнай-газ машиналарын жасау" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспар.
2. Мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жоспарлардың тиiстi және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жоспарлардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
1) жарты жылда бір рет, есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспарлардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн;
2) "Экономиканың басым секторларын кластерлiк дамыту жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 44-ө өкіміне сәйкес құрылған салалық жұмыс топтарынан келiп түскен талдау материалдарын қорытуды және оларды электронды бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа