Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. 2004.24.12. № 1051 БҰЙРЫҒЫ

“Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 бұйрығы

(2005.26.04.   берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 27 наурыздағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 21-1)-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С. Есбосынова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы № 688 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2538 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің 2003 жылғы № 37-42 № 879 бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.

5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

Ж. Құлекеев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2005 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 1051 бұйрығымен бекітілген

 

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 21-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, кәсіптік жоғары, қосымша жалпы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін (бұдан әрі - педагогикалық қызметкерлер) аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку