(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.12. № 1257 ҚАУЛЫСЫ
«2006 жылғы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттер туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 1257 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 15 және 21-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2006 жылғы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі;
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
3) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық емдеу деңгейінде азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
5) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
6) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;
Редакция документа
Демо – версия документа