«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 34 Қаулысы (2006.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 34 Қаулысы
(2006.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.25.06. № 168 Қаулысымен күші жойылды
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау департаменті (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа