(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.09.02 № 95 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарында:
«Әйелдерге қарсы зорлық» Г-бөлімі бойынша іс-қимылдар жоспарында:
реттік нөмірі 1-жолдың 6-бағанындағы «2000 ж.« деген сөздер «2007 ж. 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа