(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1061 ҚАУЛЫСЫ
Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын
асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру,
сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің
қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 12-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің 2002 ж.
26 қырқуйектегі
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал зауыты, асыл туқымды мал
шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және
дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл
тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің
қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу тәртібін анықтайды.
Редакция документа
Демо – версия документа