(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.04.01 Ж. № 581 ҚАУЛЫСЫ
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға кабiлетi жоқ борышкерлердiң
мүлкiн және iстерiн басқару жөніндегі қызметтi лицензиялау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 28 сәуірдегі № 581 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ережеге:
көрсетiлген Ережеге қосымшада:
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай мазмұндағы 54) тармақшамен толықтырылсын:
"54) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөніндегі қызмет 10";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағаны "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа