(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997 Ж. 8 СӘУРДЕГІ № 505 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу және күшi жойылған деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 Қаулысы
(2005.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың көрсеткен қызметтерi үшiн төлемдер алуды ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1745 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 53, 514-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 8 сәуірдегі
№ 505 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінiң 26.04.99 ж. № 476 қаулысымен 1-тармақ күшiн жойды
2. "Жол қозғалысы хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 қарашадағы № 967 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 45, 654-құжат) бекітілген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік автомобиль инспекциясы туралы Ережедегi:
14-тармақта:
жиырма жетiншi абзацтағы "сондай-ақ жол қозғалысы саласында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға әртүрлi ақылы қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын;
отыз бiрiншi абзац алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінiң 17.04.03 ж. № 367 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
Редакция документа
Демо – версия документа