(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 22 МАМЫРДАҒЫ № 555 ҚАУЛЫСЫ
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несие
ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
22 мамырдағы № 555 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.01.03 ж. № 5 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 28 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
| И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің 2002 жылғы
22 мамырдағы № 555
қаулысымен бекітілген
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік
қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес әзірленді және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 081 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) несие ресурстарын 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге (бұдан әрі - Қаражат) сомасында толықтыру мен пайдаланудың тәртібін және шарттарын айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа