Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.26.08 № 884 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 Қаулысы

(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мынадай құрамда бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары (1-бөлім);

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері (2-бөлім);

3) 2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі (4-бөлім);

4) қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бәлінісіндеғі 2006-2008 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі (5-бөлім).

2. Құпия.

3. Құпия.

4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы (3-бөлім) мақұлдансын.

5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы (6-бөлім) назарға алынсын.

6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларын уақтылы әзірлеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку