(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.14.01. № 14 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің облыстық, қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлiмдерi болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне төрағаның үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) қайта аталған мемлекеттік мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2005 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттiк) Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа