(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 6 ҚАЗАНДАҒЫ № 1293 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары
жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың,
салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 24 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесi бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 851 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 39, 588-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 6 қазандағы
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды
сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың,
салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң
ЕРЕЖЕСI
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа