Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.01.04 Ж. № 34 ҚАУЛЫСЫ

Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және
иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын
анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 13 қаңтардағы № 34 қаулысы

Осы редакция 2006 ж. 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

"Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қoca берiлiп отырған:

1) Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi;

2) Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi бекітілсiн.

2. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1788-XII қаулысын жүзеге асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 18, 223-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

5-тармақ алынып тасталсын;

6-тармақта:

екiншi абзацтағы "Радиацияның әсерi салдарынан зардап шеккен адамдардың ауруға шалдығу себептерi соған байланысты екенiн" деген сөздер "Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "ядролық сынаққа байланысты болған" деген сөздер "иондаушы сәулелендiру әсеріне байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі бiр ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 13 қаңтардағы

№ 34 қаулысымен бекітілген

Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi

1. Иондаушы сәулелендiру әсерiне тiкелей байланысы бар аурулар:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку