БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ
“Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесін бекіту” Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңын,
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесi бекітілсiн.
2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр | Г. Қарағұсова |
Келісілді: Қазақстан Республикасының Десаулық сақтау министрі2004 ж. 07.12. | Келісілді: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2004 ж. 07.12.
|
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 286-ө бұйрығымен
бекітілген
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа