Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 16.07.02 Ж. № 784 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім
бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу
тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. № 437; 31.12.03 ж. № 1369; 29.01.04 ж. № 100;
02.09.04 ж. № 928; 2005.04.05 № 423 ; 2005.06.05  №  439 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 20 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 101 өкімі.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі

№ 784 қаулысына 1-қосымша

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку