Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 458-ө Бұйрығы (күші жойылды)

Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 458-ө Бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1184 бұйрығымен күші жойылды

 

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (А.С.Жайлаубаева) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілгеннен кейін заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары К.Б. Есекеевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.

 

Төраға

 

Ә. Бектасов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Кеңсесінің Басшысы

2005 жылғы 20 желтоқсандағы

келісілген

 

Қазақстан Республикасы

Ақпараттандыру және

байланыс агенттігі төрағасының 

2005 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 458-Ө Бұйрығымен

 бекітілген

 

Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі

 

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесі (бұдан әрі - Ереже) »Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырушы орталықтың негізгі мақсаттары мен функцияларын белгілейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку