Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 926 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006
жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402; 13.04.04 ж. № 408; 07.05.04 ж. № 514;
24.05.04 ж. № 578 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мынадай құрамда бекітілсiн:

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және 2004-2006 жылдарға арналған перспективалары туралы баяндама (1-бөлiм);

қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi (2-бөлiм);

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың 2004-2006 жылдарға арналған тiзбесi (3-бөлiм);

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуiштерi (4-бөлiм).

2. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы (5-бөлiм) бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Жоспарды дайындау процесiнде әзiрлеген ұлттық компанияларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған негiзгi бағыттары (6-бөлім) назарға алынсын.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың мәслихаттарына заңнамада белгіленген тәртiппен әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарларының бекітуге уақтылы енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку