(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 26 МАМЫРДАҒЫ № 649 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС"
республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 26 мамырдағы № 649 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451; 13.01.00 ж. № 72;
19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакциялады қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.12.02 ж. № 1325 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451; 19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451 қаулысымен 3-тармағы өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа