Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 желтоқсандағы № 1325 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 желтоқсандағы № 1325 қаулысы


Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 221-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақта "өсiмдiктердi, өсiмдiк тектi өнiмдердi және өзге де карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету" деген сөздер "өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн";

4-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн;"; 2) тармақшада "карантиндiк зиянкестерге, өсiмдiктердiң ауруларына және арамшөптерге қарсы iс-шаралар жүргiзу" деген сөздер "карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөніндегі iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-1) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

"2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткізу;

2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

И. Тасмағамбетов


































 

Укажите название закладки

Создать новую папку