Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 7 қаңтардағы № 112- III Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

 

1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 178-құжат; 1997 ж., № 12, 193-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы";

2) кіріспе алып тасталсын;

3) 11-баптың бірінші бөлігіндегі "Гимнді тұрып тыңдайды." деген сөздер "Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды." деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 12, 14 және 16-баптарда "Жарлықпен", "Жарлыққа", "Жарлықтан", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Конституциялық заңмен", "Конституциялық заңға", "Конституциялық заңнан", "Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 2-баптың 3) тармақшасымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні осы Конституциялық заңға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы  қаңтардың 7-сі. № 112-III ҚРЗ

 

                              Қазақстан Республикасы Президентінің

                                   "Қазақстан Республикасының

                                  мемлекеттік нышандары туралы"

                              конституциялық заң күші бар Жарлығына

                                 өзгерістер мен толықтыру енгізу

                                 туралы" 2006 жылғы 7 қаңтардағы

                                     № 112-III ҚРЗ Қазақстан

                              Республикасының Конституциялық заңына

                                             ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы

 

      Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов

 

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік гимнінің мәтіні

 

      Сөзін жазғандар: 

Жұмекен Нәжімеденов,

                       Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

 

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

 

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку