Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.07.03 Ж. № 648 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу
пункттерiнiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 3 шілдедегі № 648 қаулысы

 

Осы редакция  2005 ж. 23 желтоқсандағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттік бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнiң тiзбесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерi тiзбесiнiң бекітілуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.

3. "Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.

4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку