(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде Қазақстан
Республикасының Ұлтық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400
қаулысы
(ҚР Ұлтық Банкі Басқармасының 24.08.00 ж. № 330; 30.10.00 ж. № 401;
20.04.01 ж. № 111; 01.12.01 ж. № 478; 25.07.03 ж. № 255 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Нұcқаулық күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi № 295 қаулысының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi № 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың күшi жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттік почта байланысының уәкiлеттi ұйымы Нұсқаулық күшiне енген күннен бастап бір ай мерзiмде жұмыс iстеп тұрған айырбастау пункттерiнiң құжаттамасын және үй-жайын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiрсiн.
4. Уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар Нұсқаулық күшiне енген күннен бастап бір ай мерзiмде сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тiзiмдеме журналының нысанын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiрсiн.
5. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
Редакция документа
Демо – версия документа