(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 9 ҚАРАШАДАҒЫ № 1686 ҚАУЛЫСЫ
Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.04.02 ж. № 438; 29.11.03 ж. № 1213
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстаннан мұнай мен газ экспортын қамтамасыз ететiн сенiмдi әрi экономикалық тиiмдi мұнай және газ тасымалы инфрақұрылымын құру жөнiнде Қазақстан Республикасының жұмдасқан, теңдестiрiлген және бәсекеге қабiлеттi саясатын әзiрлеу және Каспий теңiзi қайраңында коммерциялық өндiру басталғанға дейiнгi кезеңге жаңа экспорттық құбырөткiзгіштер салудың басым жобаларын таңдап алу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 29 қаңтардағы № 22-P өкіміне мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
4-тармақтағы "және 2" деген сөздер алынып тасталсын.
4. "Құбыр желісі көлiгін дамыту жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 77 өкімінiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 9 қарашадағы
№ 1686 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2002.04.16. № 438; 29.11.03 ж. № 1213 қаулысымен Құрам өзгертілді
Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Редакция документа
Демо – версия документа