Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 Қаулысы (2009.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент
еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 Қаулысы

(2009.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.

3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Ә. Сәйденов

 

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

статистика жөніндегі Агенттігі

Төраға

18 қазан 2005 жыл

 

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Министр

12 қараша 2005 жыл

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции