(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.12.04 Ж. № 1384 ҚАУЛЫСЫ
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық
препараттарды сатып алуға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1384 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
туберкулезбен ауыратындар үшiн туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
қант диабетiмен ауыратындар үшiн диабетке қарсы препараттарды және жеткiзiп беру құралдарын сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн химиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
бүйрек кемiстiгi бар аурулар үшiн дәрiлiк заттар, шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарға дәрiлiк заттар сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекітілген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
Редакция документа
Демо – версия документа