Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 14.09.01 Ж. № 1213 ҚАУЛЫСЫ

«Туристiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1213 қаулысы

(2005.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ережеге қосымшада:

1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "11) туристiк операторлық қызмет              5
          туристiк агенттiк қызмет                15
          экскурсиялық қызмет                      5
          туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету    1";

2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

     "туристік операторлық қызмет,
     туристік агенттік қызмет,
     экскурсиялық қызмет,

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку