(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 12.07.04 Ж. № 197 ҚАУЛЫСЫ
Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру
және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін
және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 197 қаулысы
(2005.25.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесі (осы қаулының 2-қосымшасы) бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және банктерге жіберсін.
Редакция документа
Демо – версия документа