(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 16 МАУСЫМДАҒЫ № 273 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия
беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасы 2000 жылғы 16 маусымдағы № 273 қаулысы
(ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 27.02.04 ж. № 27
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР ҰБ Басқармасының 27.02.04 ж. № 27 қаулысымен атауы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуiн қамтамасыз ететін нормативті құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҰБ Басқармасының 27.02.04 ж. № 27 қаулысымен 1, 2, 3-тармақтар өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта өткен соң күшіне енгізілсін.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық банк
Төрағасы |
|
|
|
| Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
Редакция документа
Демо – версия документа