(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2004.30.12. № 383-Ө ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн іске асыру жөнiндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30
желтоқсандағы № 383-ө Өкімі
(2005.28.07. берілген өзгерістер)
Осы редакция 2005 ж. 9 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) қоса берiлiп отырған тізбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi, бекітудi және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберудi қамтамасыз етсiн;
2) тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың бесiншi күнiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне осы өкiмнiң iске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгі айдың он бесiншi күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы |
|
|
|
|
|
| А. Есімов |
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 383-ө өкімімен
Бекiтiлген
ҚР Премьер-Министрінің 2005.10.02. № 23-ө; 2005.16.02. № 27-ө (бұр. ред.); 2005.15.03. № 51-ө; 2005.19.03. № 59-ө; 2005.08.04. № 83-ө (бұр. ред. қара); 2005.11.04. № 85-ө (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 92-ө (бұр. ред. қара); 2005.20.05. № 134-ө (бұр. ред. қара); 2005.20.05. № 135-ө (бұр. ред. қара); 2005.24.06. № 174-ө; 2005.19.06. № 201-ө (бұр.ред.қара) өкімдерімен тізбе өзгерді
Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтiк құқықтық кесімдердің тiзбесi
Редакция документа
Демо – версия документа